01-05-2022
2022 жылыдың 28 сәуір күні Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы» КММ «Ұлтаралық келісім (мүмкін/мүмкін емес)» тақырыбында жастар арасында дебаттық турнир өткізілді.
Сайыстың негізгі мақсаты: Жастар әр түрлі даулы жағдайларда конструктивті мінез-құлық мәдениетін тәрбиелеуге ықпал ету арқылы қауіпсіз ортаны қалыптасыру; жастар арасында жанжалдарды шешу және алдын алу кезінде медиативтік тәсілдің, артықшылықтарын түсіндіруге бағытталған ағарту жұмыстарын жүргізу. Қатысушылар арасында жоғарғы оқу орындарының студенттері болды.
Сайыс жүргізуші модератордың сәлемдесу сөзі мен қазылар алқасын таныстырудан басталды. Ары қарай турнирдің өткізілу тәртібін анықтап түсіндіріп, қатысушыларға дайындыққа уақыт берілді.
«Жақтаушы» және «Қарсы» командалары өз ойларын дәлелдеді және сауатты жеткізе білуде өзара жарысты. Негізгі қиындық біреше тілде өз позициясын жеткізе білуде болды, бірақ қатысушылар оны оңай жеңе алды. Қазылар алқасы спикерлердің күш-жігерін бірқатар критерийлер бойынша бағалады, оның ішінде: дәлелділік, топтық жұмыстың үйлесімділігі және тілдік деңгей.
Дебаттық турнирге барлығы 3 команда қатысты: 1-команда «Еркін сөз» Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ, 2-команда «Шай» С. Аманжолов атындағы ШҚУ, 3-команда «KAFU TEAM» КАСУ атынан.
1, 2, 3 орын жүлдегерлері байқау кезінде жинаған балдар негізінде анықталды. 3 команда да өздерін лайықты көрсете білді және соңғы турға дейін күресте бір-бірінен кем түспеді.
Бірінші орын иегерлері «Шай» командасы, екінші орын иегерлері «Еркін сөз» командасы, үшінші орын иегерлері «KAFU TEAM» командасы болды. Жүлдегер командалар алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.