Өңір басшысына мың алғыс

24-01-2018

Өңір басшысына мың алғыс

Достық  үйі- қоғамдық келісім орталығы сан ұлттың басын қосқан киелі шаңырақ. Мұнда көптеген ұлт өкілдері айрандай ұйып, береке мен бірліктің қаймағын бұзбай өңіріміздегі бейбітшілік пен келісімнің кең қанат жайып гүлденуіне өз үлестерін қосуда. Бізде сонау 2010 жылдың қазанында «Атамұра» ансамблін құрып Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының шығармашылық ұжымдарының қатарына қосылдық. Сол күннен бері Достық үйі басшылығының қолдауымен  еліміздің бірқатар аудандарын және  көршілес Алтай Республикасының Қосағаш ауданына, Монғолия Республикасының қандастарымыз көп шоғырланған Баян-Өлгей аймағына шығармашылық сапармен барып қайттық. Бүгінгі күнге дейін Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы «Атамұра» ансамблі ұжымының шығармашылық  дамуына жағдай жасап демеу беріп келе жатқандығын ерекше айтқым келеді. Сонымен қатар  өткен жылдың қыркүйегінде Достық үйінің 25  жылдық мерей тойы қарсаңында ШҚО әкімі  Даниал Кенжетайұлы Достық үйіне зәулім сарай сыйға берді. Қазіргі таңда жаңа ғимаратқа орналасқан бізде алда өтер концерттерге қызу дайындыққа кірісіп кеттік. Біздің алаңсыз бірлесе жұмыс жасауымызға жағдай жасап үлкен ғимарат  бергені үшін өңір басшысына шексіз алғысымызды білдіреміз.

 

«Атамұра» ансамбілінің ұжымы