Достық үйінде өткен «Көңіл саздары» байқауы

14-08-2014

Достық үйінде өткен «Көңіл саздары» байқауы

2010 жылдың 7 мамырында сағат 15.00-де Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған «Көңіл саздары» атты композиторлардың эстрадалық әндерінен екінші облыстық байқауының І кезеңі өтіп, ал 9 мамырда 15.00-де Республика алаңында – Гала концерт берілді. Ұлы Отан соғысында арын жалау, жанын алау етіп жауға аттанған ел ұландары Отанымыздың байтақ жерін, айдын көлін, ақ сүтін берген анасын, пәк күлкі шашқан баласын, парасатты данасын қорғады. Шайқасты шақтарға толы жылдарда, біздің жерлестер айбындықпен отқа түсіп, халқына және Отанына деген адалдығын танытты. Соғыстың суық ызғарын, шайқастың ыстық дәмін көрген бұл адамдар – біздің мақтанышымыз. Біздің борыш – қарияларымызды аялау, оларды қорғап, қолдау. Биыл біз Тәуелсіздік Қазақстанның ашық аспанында Ұлы Жеңістің 65-ші көктемін қарсы алғалы отырмыз! Жеңіс күні – біз үшін қасиетті мереке, күнделікті өмір сүріп, жұмыс істеуге, ашық аспан мен бейбіт өмірге қуануға мүмкіндік әперген ардагерлерге және қаза болған батырларға шексіз алғысымызды білдірудің зор мүмкіндігі. Қасиетті мереке – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арнап, ШҚО халықтарының дәстүрлерін, мәдениетін және тілдерін дамыту мақсатында, Шығыс Қазақстан өнер мұражайы Қазақстан композиторлар одағының Шығыс Қазақстандағы өкілдігі және Шығыс Қазақстан Халықтар Достығы үйімен бірлесе, дәстүрлі «Көңіл саздары» атты композиторлардың эстрадалық әндерінен екінші облыстық байқауын өткізді. Байқаудың ұйымдастырушылары: Шығыс Қазақстан өнер мұражайы, Қазақстан композиторлар одағының ШҚ өкілдігі, ШҚО балалар құқығын қорғау департаменті, Шығыс Қазақстан Халықтар Достығы үйі және Өскемен қалалық мәдениет пен тілдерді дамыту бөлімі. Байқауға Өскемен және Семей қалаларының, Тарбағатай, Глубокое, Абай, Катон-Қарағай және т.б. аудандардың композиторлары қатысты. 1 кезең 7 мамыр күні Халықтар Достығы үйінде соғыс ардагерлерінің қатысумен өтсе, 9 мамырда Гала-концерт қаламыздың Республика алаңында өтеді. Бұл байқау жыл сайын әр түрлі тақырыпта өтіп отыратын болады. «Көңіл саздары» – композиторларға шығармашылығын бағалау мүмкіндігін тудыратын маңызды іс-шараға айналатынына кәміл сенеміз!