Достық үйінде өткен сенбілік

14-08-2014

Достық үйінде өткен сенбілік

2011 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығы аясында, жалпы Республикалық сенбілік өтті. Облыстық Достық үйінің басшылығы акцияға этномәдени бірлестіктердің белсенділерін жұмылдыру мақсатында әңгімелесулер мен әр түрлі шаралар өткізді. Сенбілік күні облыстық достық үйінің қызметкерлерімен бірге этномәдени бірлестіктің өкілдері ғимараттың жан-жағындағы ағаштардың қураған талдарын кесіп, жол жиектерін бояп, ауласын тазалады. Жұмыс барысында сенбілікшілердің көңілін көтеретін әдемі әуендер ойнап тұрды. Сенбілік достық пен бірліктің мерекесіне айналды.