14-08-2014
Достық үйінде өткен Тәуелсіздік күні
Ағымдағы жылдың 16 желтоқсаны күні облыстық Достық үйінің этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық көркемөнерпаздар ұжымдары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мерекесіне арнап қала тұрғындары мен қонақтарына концерт берді.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Еркінбек Мұқатайұлы Аязбаев этномәдени бірлестіктердің өкілдерін, көрермен қауымды мерекемен құттықтап, ұлттар арасындағы достықты нығайтуға, мәдениеттін насихаттауға, қоғамдық жұмысқа елеулі үлестерін қосқаны үшін этномәдени бірлестіктерге алғысын білдірді.
Осындай мерекеде, әртүлі ұлттың әсем әнімен, көркем биін тамашалаған көрермен қауым, Достық үйінің әкімшілігіне, іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.