11-10-2022
«Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығындағы» мерейтойлық іс-шараны жалғастырған Татар этномәдени бірлестігі. Айтулы күннің құрметіне орай Достық үйінде мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Татар этномәдени орталығы жиналған қонақтарды облыстық Достық үйінің залында қарсы алды. Татар этносының өкілдерінің ана тілін сақтап қалуына, халықтың мәдени дәстүрлерін тереңірек білуіне қамқорлық жасау-этно-мәдени бірлестіктің, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған жексенбілік тіл мектебінің басты міндеті.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессоры, физика – математика ғылымдарының кандидаты, төрт жыл бойы орталықты басқарған Шамсутдинов Исмагил Гереевич құрылу бастамашысы және оның алғашқы төрағасы және оның идеялық шабыттандырушысы болды. Бүгінде оны Ишмуратов Ғабдулхай Мұхаметғалиұлы басқарады.
Шара барысында Достық үйіне қарасты ұжымдардың өнерпаздары өнерлерін көрсетіп, жиналған көрерменге жақсы көңіл күй сыйлай алды. Шара барысында «Достық Үйі – Қоғамдық келісім орталығы» директоры Эльдар Төлеубекович құттықтау сөз сөйлеп, этномәдени бірлестік мүшелеріне алғыс хаттар табыстады.
«Мерейтой жоғары деңгейде өтті. Маған татар халқының мәдениеті қатты ұнайды. Бүгінгі іс-шарадан мен ұлттық колоритті сезіне алдым. Ұйымдастырушыларға, осындай мүмкіндік сыйлаған Достық үйіне айтар алғысым шексіз», - деп өз ойымен бөлісті мереке қонағы.
Шара соңынан ақ дастархан жайылып, бірлестік мүшелері қуанышпен шаттыққа бөленді.