28-11-2017
Ағымдағы жылдың 28 қарашасы күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «ЮРЛИК» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Еңбек дауларын медиация арқылы шешу» -тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Шараға өңіріміздегі медиация орталықтарының медиаторлары және өзгеде халыққа жұмыс беруші ұйымдардың өкілдері мен заңгерлер қатысты. Отырыс барысында сөз алған «ЮРЛИК» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Н. Қ. Түсіпова еңбек дауларын медиацияны қолдану жолымен шешу екі тарапты да қанағаттандыратын нысанға қол жеткізу мүмкіндігін беретіндігін, сондай -ақ еңбек қатынасындағы даулардың санын төмендетуге болатындығына тоқталды. Өз кезегінде сөз алған «Альтернатива» медиация орталығының медиаторы А. А. Каленова еңбек дауларын медиация арқылы шешу үшін келетін азаматтардың көп екендігін жеткізді. Бүгінгі таңда кез – келген даулы мәселені сотқа жеткізбей, соттан тыс шешуде медиация саласының алар орны ерекше. Сонымен қатар даулы мәселелерді медиация арқылы шешу азаматтар үшін де тиімді.