01-05-2024
Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік мүшелері 1 – мамыр Қазақстан халқы бірлігі күніне арналған ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев және қала әкімі Жақсылық Омар салтанатты шараның көзайымы болды. Татулығы тұғырлы, бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі шығыс қазақстандықтарды облыс әкімі Ермек Көшербаев 1- мамыр Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтай отырып, еліміздің амандығы мен халықтың ауызбіршілігін тілек етіп, ізгі ниетін білдірді.
Этноауылда мерекелік шаралар легі ұйымдастырылып, онда қонақтар мен қала тұрғындары әр ұлттың салт-дәстүрлерімен, ұлттық асханаларымен танысуға кең мүмкіндік алды. Ұлттық мәдени орталықтардың өкілдері жиналғандардың жүрегін жылытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
1- мамырда бүкіл еліміз айтулы мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлайды. Бұл күні еліміздің барлық қалалары мен аудандарында барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бас қосып, өздерінің бірлігін, достығын тағы бір мәрте дәлелдеді!
Бұл мереке Қазақстанның түрлі этнос өкілдері достық пен келісімде өмір сүріп жатқан көп ұлтты мемлекет екенін білдіреді. 1- мамыр қазақстандық патриотизмнің, елге деген адалдықтың мерекесіне айналды.