ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктері Елорда күнің  атап өтті

06-07-2019

ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктері Елорда күнің атап өтті

Бүгін Достық үйінің қабырғасында астана күніне арналған іс-шара өтті. Жыл сайын біздің тәуелсіз Қазақстанның астанасы – Нұр-сұлтан қаласы уақыт өткен сайын сұлуланып,жаңғыруда,  біздің астанамыз бізді бір шаңырақ астында біріктіреді, ол жылдар бойы нығайып келеді. Мерекеге Қазақстан Халық Ассамблеясінін мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, «Руханижаңғыру»ұлттықбағдарламасының белсеңділері қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты бірыңғай мемлекеттік мерекелерді дәріптеу арқылы Шығыс Қазақстанда тұратын этностардың мәдениетін қайта жаңғырту және бейбітшілік пен келісімді сақтау идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі біріктіру болып табылады.

Концерттік бағдарламаға Достық үйінің шығармашылық ұжымдары мен этномәдени бірлестіктері қатысты. Өскемен қаласының Құрметті азаматы Шик Лео Богданович құттықтау сөзін сөйледі және ШҚО әкімі аппаратының «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығы»  КММ  директоры Э.Т.Төлеубеков қонақтарды астана күнімен құттықтап, этномәдени бірлестіктердің белсенділері мен төрағаларыналғыс хаттармен марапаттады.Марапаттау рәсімінен кейін Нұр – Сұлтан қаласы күніне орай ШҚО Кәрістер қауымдастығының төрағасы КунстЮлия Вячеславовна Кәріс орталығы қайырымдылық акциясын өткізіп, онда Оңтүстік Корея дәрігерлері халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсететін болады деп хабарлады. Қабылдауға 30-дан астам адам жазылып, оларды Оңтүстік Кореядан келген 8 медициналық маман тексеретін болады. Өтетін орны: Достық үйі, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.

Іс – шара барысында «би марафоны-2019» сайысы өткізілді, онда жастар қаражорға, сыған биі, рокнролл, вальс, лезгинка сияқты би бағыттарында жарысты. Мерекені «Экстази» Шоу – балеті, «Вдохновение»,«Русская песня» вокалдық ансамбльдері безендірді және «Дуэт» балдық би студиясы мен көркем әнші Анастасия Клостер өз шығармашылықтарымен тәнті етті. Көрермендер Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы әртістерінің шеберлігіне риза болып, көтеріңкі көңілмен отырды.