04-05-2019
Ағымдағы жылдың 03 – мамыры күні Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығында «Кругозор» туризм және мәдениет орталығының ұйтқы болуымен мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілері, мектеп жанындағы шағын орталықтардың тәрбиешілері мен әдіскерлеріне арналған тәжрибе алмасуға арналған семинар өтті. Семинарға қаламыздағы балабақшалар мен мектеп жанындағы шағын орталықтардың тәрбиешілері және мектептегі дайындық тобының ұстаздары қатысты. Семинар барысында экологиялық мәселелер талқыланып, қатысушылар балалардың экологияға деген жанашырлығы мен қамқорлығын қалай қалыптастыруға болады - деген сұрақтарға бірлес жауап іздеді. Сонымен қатар қатысушылар топқа бөлініп жұмыстар жасай отырып өзара тәжрибелерін алмасты.