12-11-2024
Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйінде «Бейбітшілік және келісім жолымен» экспедициясының екінші күні сәтті өтті. Шараға еліміздің әр өңірінен келген блогерлер, журналистер мен сарапшылар қатысты.
Күннің негізгі оқиғаларының бірі ретінде «Teatr - All» жастар театрының қойылымы ұсынылды. Жас әртістердің өнері арқылы көпұлтты қоғамның бірлігі мен келісімін насихаттау көзделді. Қойылым көрермендерге ерекше әсер қалдырды.
Сонымен қатар, экспедиция қатысушылары облыстық тарихи-өлкетану мұражайына экскурсияға барды. 1915 жылы ашылған, Қазақстанның алғашқы мұражайларының бірі болып саналатын бұл мекеме – өлкеміздің бай тарихының куәсі.
Мұражайда «Золото Великой степи» көрмесі ұйымдастырылды. Онда Қазақстанның ежелгі жәдігерлері қойылып, дала өркениетінің құндылықтары көрерменге ұсынылды.