Орыс фольклоры зерттелуде

27-08-2018

Орыс фольклоры зерттелуде

23 тамызда ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде облыс әкімі Ахметов Даниал Кенжетайұлының бастамасымен «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында Катонқарағай ауданына экспедиция ұйымдастырылды. Сапардың мақсаты - Шығыс Қазақстан облысының аумағында орыс халқының тарихы туралы және «диалектальды» орыс фольклорының бастапқы көздерін білу. Экспедицияға Достық үйінің славян мәдениеті қоғамының төрағасы және «Бастеньки» ансамблінің жетекшісі Яковлев Александр Андреевич, ансамбілдің қатысушысы Пригородова Л.В. және Достық үйінің қызметкері - Ажар Уаденова қатысты. Бұдан басқа этномәдени сапарға еріктілерде аттанды - Кокушинская Л.Д. және Сабитова Н.А.  24 тамызда зерттеу тобы Үлкен Нарынға барып, 25 тамызда Кіші Нарын және Аққайнар ауылдарында жұмыс жүргізді.  26 тамызда экспедиция мүшелері Климованың В.П. аумағында өткізілген «Медовый спас» фестиваліне қатысты. Фестивальге облыстың шығармашылық ұжымдары қатысты, олар негізінен орыс халқының әндерін орындады. Фестиваль барысында вокалдық конкурс, «Играй гармонь» музыкалық байқауы және тақырыптық викториналар өтті. Сондай-ақ қолданбалы өнер көрмесі, бал және бал өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді, қонақтар мен қатысушыларға ұлттық орыстың ұлттық тағамдары ұсынылды. 
«Бастеньки» ансамблінің мүшелері фестивальдің шығармашылық бағдарламасына қатысып, вокал жарыстарының қорытындысы бойынша құрметті бірінші орынды алды.