Елін сүйген – елі сүйген Елбасы

02-12-2017

Елін сүйген – елі сүйген Елбасы

Ағымдағы жылдың  1 желтоқсаны күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Қазақстан  Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті. Шара барысында  Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі А. Қ Нұргазиев  мерекелік шараға жиналғандарды Тұңғыш Президенті күнімен құттықтай отырып, өзінің ізгі тілегін жетікзді. Сонымен қатар этномәдени бірлестік жетекшілеріне «Достық үйіне– қоғамдық келісім орталығынна 25 жыл» естелік медальдарын табыстаса, үстіміздегі жылдың 29 қарашасында Астанада өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» мәдени – ағартушылық  жобасының жеңімпаздарын марапаттады. Салтанатты мерекелік концертке Достық үйі – қоғамдық келісім орталығынның этномәдени бірлестіктері мен шығармашылық ұжымдары қатысты. Қонақтардың назарына ұсынған тамаша концерттік бағдарлама Елбасының сындарлы саясатының арқасында бүгінгі таңда бір шаңырақ астында көптеген ұлт өкілдері бас қосып, татулықпен бірлікте өмір сүріп жатқандығының жарқын көрінісі іспетті.