05-03-2018
ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына қажетті 5 әлеуметтік ұсынысты атап көрсеті.
Елбасы ағымдағы жылдың қаңтар айында Қазақстан халқына жолдауында елдің дамуына халықтың әлауқатының жақсаруына ықпал ететін 10 негізгі басым бағытты атап көрсетіп, оны жүзеге асыруды кешеуілдетпеу керектігіне тоқталған болатын. Бүгінгі бес әлеуметтік ұсынысқа жеке – жеке тоқталар болсақ:
– Біріншіден, жаңа заң Парламенттің мемлекеттік істердегі, соның ішінде Үкіметті жасақтаудағы рөлін айтарлықтай күшейтеді. Екіншіден, экономиканы тікелей басқару жөніндегі өкілеттіктер берілетін Үкіметтің дербестігі артады. Үшіншіден, құқық қорғау және сот жүйесінің конституциялық негізі жаңғыртылады. Заңдардың сақталуын жоғары деңгейде бақылау, сотта мемлекет мүддесін қорғау жайын қарастыратын прокуратура қызметінің базалық негіздері қаланады. Төртіншіден, конституциялық бақылау жүйесі нығая түседі. Бесіншіден, Тәуелсіздігіміздің, біртұтастығымыздың, аумақтық тұтастық пен басқару нысанының өзгермейтініне конституциялық деңгейде берілетін кепілдік бекемдене түспек. Жалпы Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылған ұсыныста ауылдағы ағайынның, шағын кәсіпкердің, студент жастардың мәселелерін арқалаған ұсыныс деуге болар еді.Сонымен қатар алқалы жиын соңында Елбасы тәуелсіздіктің баянды болуы үшін елімізде татулықпен бірліктің бекем болуы керектігін ерекше атап өтті.