Еліміздің байтақ шығысындағы славян мәдениетінің жетістігі

01-06-2015

Еліміздің байтақ шығысындағы славян мәдениетінің жетістігі

 2015 жылдың 29-30 мамыр күндері Өскеменде «Беловодье» орыс дәстүрлі фольклерының ХІІІ Халықаралық фестивалі өтті. Бұл фестивальға Ресейдің Горно-Алтайск, Четверяков, Барнаул, Новосибирск, сонымен қатар Өскемен, Алматы және Семей қалаларының шығармашылық ұжымдары қатысты. Фестивальдың ашылуы Жамбыл атындағы облыстық драма театрында өтті. Ашылу рәсіміне дейін фестиваль қонақтарының қатысуымен Балалар ауылында, Таврия ауылының мәдениет үйінде, мұражай қызметкерлерінің республикалық семинарында концерттік бағдарламалар қойылды. Металлургтер мәдениет сарайында гала-концерт өтті. Іс-шара барысында барлық шығармашылық ұжымдар Достық үйі-қоғамдық келісім орталығының дипломдарымен және мерейтойлық «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медальдарымен марапатталды.