22-10-2020
Курчатов қаласы Достық үйінде 2020 жылдың 20-шы қазанында “Еріктілер қозғалысының орталығымен”, “Еріктілер елге жақын” атты семинар-кездесуі өткізілді. Семинарға қаланың белсенді еріктілері қатысты.
Әр өлкеде бұндай семинарлардың белең алуының басты себептерінің бірі: 2020 жылды Еріктілер жылы деп ұсынылуы және оны ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдайтыны болды.
Семинар барысында Курчатов қаласы “Жас проджект” жастар корпусын дамыту жобасының жеңімпазы Жастар ресурстық орталығының әлеуметтанушысы Анар Темірханова өзінің “Мастер радости” бағдарламасына қатысқаны жайлы айтып өтті.
Шара аясында әр түрлі тренингтер де өткізілді. Осы бағытта N2 мектептің тәлімгері Айжан Мұсатаева қатысушыларға “Біз біргеміз” психологиялық тренингін өткізді.
Белсенді жастарды қолдау барысында, N1 мектеп оқытушысы Оразқан Айболатқызына “Біз біргеміз” акциясына қатысқаны үшін ҚХА-сы төрағасының орынбасары атынан алғыс хат табысталды.
«Еріктілерді қолдау мақсатында ұйымдастырылатын шаралардың дұрыс әрі пайдалы және әр өлкемізде бұндай семинарларды жиі өткізу керектігін»,- “Жас проджект” жобасының жеңімпазы, жастар ресурстық орталығының әлеуметтанушысы Анар Темирханова айтты.
Өңір белсенділерінен жалпы семинар барысы көңілдерінен шыққаны жүздерінен көрініп тұрды. Семинар қонақтары жалпы шара үрдісі керемет болғанын, ой сергітіп алғандарын айтты.
«Ерікті жастарға көңіл бөлу және олармен қоғамдық шараларды бірге бөлісу, алдағы жоспарларының іске асу шараларын жүргізу, еріктілерге рухани болсада көмек»,- деп Курчатов қаласынының еріктісі айтып кетті.
Семинар соңында бүкіл қатысушыларға сертификаттар мен алғыс хаттар берілді.