27-07-2018
23 шілдеден 26 шілдеге дейін Бородулиха ауданындық мұражай-қорығымен бірге Достық үйі –қоғамдық келісім орталығының шығармашылық тобы ауданындық мұражай-қорығына сапар жасады. Достық үйі –қоғамдық келісім орталығы, мұражай-қорығымен бірлесе ұйымдастырған , орыс фольклорын "Рухани жанғыру" бағдарламасы бойынша экспедиция өткізді . Экспедицияны Шығыс Қазақстан облыстық славян мәдениеті бірлестігінің төрағасы Александр Андреевич басқарды. Экспедиция мүшелері Ново-Покровское және Боровлянка ауылдарына барып, ауылдық орталықтарда халық әндерін орындайтын түрлі ән топтарымен кездесті. Ново-Покровка кентінде экспедиция мүшелерінің жиналысына 95 жастағы ауылдық ансамбльдің мүшесі шақырылды. Бұл кісі кәрілікке қарамастан, ескі әндерді еске түсіреді және оларды жақсы орындай біледі. Аудандағы жұмыс күнінің екінші күні Боровляка ауылының этно-орталығында «Смирички» ансамблімен кездесу өтті.