Этно Game – ерекше бастама

07-02-2022

Этно Game – ерекше бастама

Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында өзге ұлт өкілдерінің құндылықтарын дәріптеп таныстыруға арналған "ЭтноGame" тақырыбында ойын түріндегі сайыс өтті.

Шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының еріктілері, университет, колледждердің және этно орталықтың өкілдері қатысты. Бұл ойынның негізгі шығу тарихы Ресейдің Омск қаласынан бастау алған.

Ойын біздің орталыққа қалай тап болды және оны кім құрастырды?

ШҚО "Ассамблея жастары" ұйымының жетекшісі Равиль Юнусов Ресейге жастар форумы бойынша іс сапармен барғанда осы ойынға қызығып, біздің орталықта да өткізсек деген ой туындаған екен. Негізгі ереже бұл арнайы карточкаларды барынша көбірек жинап, шапшаңдық таныту. Ойын барысында қатысушылар өзге ұлт өкілдерінің дәстүрімен, ұлттық киімдері, ұлттық тағамдарымен және тұрмыстық заттарымен танысты.

Сайыста барлығы бес команда болып, олар өз ішінде жарыса келе, көсбасшыны таңдады. Жеңімпаз көшбасшылар өзара сайысып, бас жеңімпазды анықтады. Жеңіске ұмтылған қатысушылар ерекше белсенділік көрсетіп, сайыстың көркін ашты.

«Ұйымдастырушыларға алғысым ерекше. Осындай шараға бізді елеп-ескеріп шақырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу біз үшін үлкен құрмет. Ойын өте қызықты өтті. Бұрындары көрген заттарымды еске түсіріп, жаңа нәрселерді танып білдім» деп өз ойымен Валентина Фрыжко бөлісті.

Шара аяқталғаннан кейін қатысушылар үлкен залда қазақстандық фильмін тамашалады. Отандық фильм барлығына ұнады және көңілдерінен шықты.