«Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы»  атты этнофестивалі өтті

16-11-2018

«Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» атты этнофестивалі өтті

Ағымдағы жылдың 16 қарашасы күні Достық үйі-қоғамдық келісім орталығында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» атты қорытынды фестиваль өтті. 

Сағат 15.00-де фойеде Шығыс Қазақстан облысында тұратын түрлі этнос өкілдерінің  қолданбалы өнерінің көрмесі, 16:00 - концерт залда үлкен мерекелік гала-концертке жалғасыты .

Шара барысында  ШҚО ҚХА  хатшылығының меңгерушісі Асқар Қисаұлы 2018 жылдың «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы»  атты жобасын жүзеге асыруға белсене қатысқандардың барлығына алғыс хаттар табыс етті.  Марапаттау рәсімінде фольклорды зерттеуге арналған экспедицияларға қатысқаны үшін алғыс хаттарды Цис Роза Аллитдиновна, Есдаулетова Багыдат Оразбайкызы, Яковлев Александр Андреевич, Кумарова Бакытжамал Мейрамқызы, фестивальдерге және концерттік бағдарламаларға белсене қатысқаны үшін алғыс хаттарды Боқпасарова Айман Ибраевна, Борисович Галина Августиновна, Волкович Ярослава Владимировна және Клиновицкая Антонина Викторовна алды. Фестивальге ШҚО Қоғамдық келісім кеңесі,  Аналар кеңесі, журналистер клубының,  ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен белсенділері,  сонымен қатар шығармашылық ұжымдар, қала тұрғындары  мен қонақтары және БАҚ өкілдері қатысты. Кеште өз өнерлерімен қуантқан «Балауса» хореографиялық ансамблі, «Гармония» белорустық дуэті, «Арабеск» ансамблі, «Ан сал дар»  ансамблі, «Свиточ» ансамблі, «Визит» вокалдық ансамблі, «Злато» ансамблі, «Жастар» хореографиялық ансамбль және тағы басқалар. Осы күні этнофестиваль арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасының шеңберінде фестивальдар мен экспедициялар жұмыстарының қорытындысы жасалды.