Тәуелсіздік мерейтойына арналған этнофорум

08-04-2021

Тәуелсіздік мерейтойына арналған этнофорум

«Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында», «Қазақстан Республикасындағы бейбітшілік пен келісімге 30 жыл» жастар этнофорумының кездесу кеші өтті.

Белсенді жастар бас қосқан кештің ашылу салтанатын, жиын модераторы Юнусов Равиль Александровичке жүктелді. Алғы сөзден кеш қонақтарының назарын жаулаған модераторымыз сөз кезегін кештің басты спикерлеріне ұсынды.

Сөз тізгінін алған Новосібір облысы корей жастар орталығының төрағасы, фотограф, спикер - Цой Кирил Владимирович жастарға «Дұрыс мотивация- жетістікке жетудің бірден-бір жолы» дейді. Ол өзінің осы күнге дейін атқарған жұмыстарын, профессионалды түсірілген фото суреттерін көрсетіп, жас буынға жетістіктің бір жолын көрсетті. Бойыңдағы бар өнерді немесе бір қабілетіңді жүзеге қойып іске асыра білу - ол әрине жетістік.

«Сіздің сүйікті хоббиіңіз - сіздің өмірлік ісіңіз. Әр істің берекесімен жемісі еңбекті талап етеді, сол үшінде бастаған істі аяғына жеткізе білу ол жетістік деп ойлаймын»,- деп жалғастырды әзірбайжан этномәдени бірлестігінің мүшесі, «Кавказ» лезгинка мектебінің жетекшісі Аскеров Джамаладдин.

Бүгінгі таңда ауқымы үш жүздей адамды қамтитын мектеп ашып, Кавказ биінің кереметімен, қыр-сырын үйретіп жүрген Аскеров Джамаладдин кештің жарқын көрінісі болды.

Қазіргі таңда, кіші және үлкен бизнесті қолдау, мемлекет тарапынан іске асырылуда. Осы бағытта жас бизнесмендерді және бизнес бастау жоспарлары бар буынға мемлекеттік гранттардың қаншалықты және қалай бөлінетінін, онымен қоса оның қаншалықты тиімді екенін «ШҚО азаматтық Альянс бірлестігінің директоры» Ольга Бобрышева жете айтып берді.

Жиын соңында ШҚО азаматтық Альянс бірлестігінің ақпараттық үйлестірушісі, Руфит Найльевичтің «Көшбасшылық қасиеттерді анықтау» ойынымен және ҚХА-ның төңірегінде дайындалған интелектуалды ойындарымен кештің көркі кірді. Өзара жеңімпаздарын анықтағаннан кейін, ұйымдастырушылар кештің белсенді мүшелерін марапат қағаздармен шығарып салды.