04-11-2021
«Оқу» етістігі тек оқушылар мен студенттерге ғана емес, сонымен бірге қызметі Достық үйлерімен байланысты жандарға да жақсы таныс. Бейбітшілік, келісім және жалпыұлттық бірліктің «күзетінде» тұрған қызметкерлер жаңаны танып, тәжірибие алмасу үшін тағы да кездесті.
Облыстық Достық үйінде «Зубр» консалтинг орталығының қатысуымен оқыту семинары өтті, оған Шығыс Қазақстанның аудандары мен қалаларынан әріптестер келді. Іс-шара алғаш рет этногостиная форматында өткізілді.
Диалог алаңында қызықтырған сұрақтар мен өзекті мәселелер аясында талқылау жүргізіп қана қоймай, әркім өзіндік баға жетпес тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік алды.
Аудандық және қалалық Достық үйлерінің директорлары мен мамандары бір-біріне және спикерлерге соңғы уақытта өткен ең жарқын және ауқымды іс-шаралар туралы айтып берді, оларды ұйымдастырудың құпияларымен және ел аумағында тұратын этностардың көпқырлы мәдениетін неғұрлым қанық бейнелеу жолдарымен бөлісті.
Өз кезегінде спикер-кеңесшілер Шрейбер Евгения мен Натарова Юлия ішкі саясат басқармасы органдарының бөлімдерімен, қоғамдық қорлармен және тікелей қоғам қайраткерлерімен қалай байланыс орнату керектігі, әр түрлі қиын жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмдері, ұжымда қолайлы микроклиматты сақтау тетіктері туралы айтты. Сонымен қатар, этномәдени бірлестіктер құрамына жаңа адамдарды тартудың ерекшеліктерін көрсетті.
«Біздің ұйым мәлімделген мақсаттарға қол жеткізудің тиімді бағытын жасауға көмектесуге бағытталған. Достық үйлері жағдайында-бұл коммуникативтік байланыстарды орнату және әлеуметтік капитал құру. Біз әріптестерімізбен ақпаратты түсінікті және қызықты болатындай етіп жеткізуге тырыстық», - деді спикер Шрейбер Евгения.
«Мен осындай семинарға қатысқаныма қуаныштымын. Мен креативті адамдармен таныстым, командалық жұмыс дағдыларын жетілдірдім және әріптестеріммен бірге болашақта өз жұмысымда қолдана алатын жобалардың тансық идеяларды сынап көруге мүмкіндік алдым», – деп өз әсерімен Семей қаласының Достық үйінің директоры Шарова Надежда Васильевна бөлісті.