Ғылыми этномәдени экпедиция

25-01-2018

Ғылыми этномәдени экпедиция

Ағымдағы жылдың қаңтар айында аудандық Достық үйі Алматы қаласынан келген, ғылыми этномәдени экспедициясын жүргізетін, тарих ғылымдарының кандидаты Юлия Ивановна Подопригора басшылығымен Қазақстандық немістердің "Возрождение" қоғамының өкілдерін қарсы алды. Экспедицияның мақсаты Қазақстанның заманауи мұражайлардың қорларында сақталған немістер туралы ақпарат жинау және іздеу, немістердің тарихы мен мәдениетіне қатысты мағлұматтардан, мұражайлық коллекциялардан тізілім құру болып табылады. Достық үйінде де кейбір экспонаттар қонақтардың қызығушылығын тудырды, бұл асыл бегімдердің институтта киген көйлегі, ескі суреттер, кітаптар және үй тұрмысына қажетті заттар.