Этномәдени бірлестіктер ҚХА мүшелерімен бірге домбыра күнін атап өтті

07-07-2019

Этномәдени бірлестіктер ҚХА мүшелерімен бірге домбыра күнін атап өтті

Бүгін ШҚО ҚХА және этномәдени бірлестіктерөкілдері бірлесе отырып«Домбыра күні» мерекесінде, қаламыздың 1-ші АМБО және 2-ші АМБОперзентхана бөлімдерінебарып, «Ұлттың саз байрағы – Домбыра»акциясын өткізді.

Осы тамаша мереке күні Шоматов Дархан Жұмагелдіұлы мен Бақыт Оралбекқызының отбасында салмағы 3 килограмм 316 грамм Кәусар атты қыз дүниеге келді. Сондай-ақ, Мұратов Эльдар мен Жансая Секенованың отбасында керемет қыз дүниеге келді. Акция қатысушылары «домбыра» ұлттық құралын жаңа туған нәрестелерге сыйға тартып, жас аналарға қажетті сыйлықтар табыс етті. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтай отырып, жаңа туған нәрестені қорғайды және табыс әкеледі деген ниетпен домбыраға «үкі» бекітіп берді, өйткені үкі қазақ халқының қасиетті құсы болып табылады.  Әр сыйлық балаға арналған естелік тілектермен сүйемелденді.

Іс-шараның мақсаты:

- ұлттық мәдениетті сақтау және жаңғырту

– Қазақ ұлттық аспабы-домбыраны насихаттау

- Отбасы дәстүрлері мен құндылықтарын насихаттау

- ұрпақтар сабақтастығын насихаттау

Бұл шара Қазақстанның жаңа азаматтары мен олардың ата-аналары үшін балалардың рухани қалыптасуында маңызды өмірлік бағыт болады.

Жаңа туған нәрестелердің туған-туыстары Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің сапарына таңданды. Өткізілген акциядан кейін жаңа туған нәрестелердің туған-туыстарымен естелік фотосуреттер жасалды.