Этномәдени бірілік өкілдері ЭКСПО - 2017  көрмесінде

17-08-2017

Этномәдени бірілік өкілдері ЭКСПО - 2017 көрмесінде

 

 Ағымдағы жылдың тамыз айының 16 күні  Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының этномәдени бірлестік өкілдерінен құралған делегат Астана қаласында өтіп жатқан  ЭКСПО - 2017  мамандандырылған ұлттық көрмесін тамашалады. Көрмеге келген делегат  мүшелері сантараптың басы қосылған көрмеден жақсы әсер алғандарын жасыра алмады. Поляк этномәдени бірлестігінің мүшесі Валетина Васильевна көрмеден алған әсерімен бөлісті.Маған Жапония, Таиланд, Германия елдерінің павильондары ұнады. Мен үшін ең әсерлілерінің бірі – әрине  шар тәрізді  қазақтың ұлттық павилоны «Нұр әлем» қатты ұнады. Осындай жоғары деңгейдегі ұймдастырылған көрмені көру мүмкіндігін сыйлаған Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ұжымына алғысым шексіз. Мен үшін тарихи, әрі маңызды сәт болмақ. Астанаға сапар барысында этномәдени бірлестік өкілдері қаланың көрікті жерлерінде аралады.