07-11-2017
Өңіріміздегі бейбітшілік пен ынтымақтастықтың артуына үлес қосқан бір қатар ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдері Шығыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаты мен «Достық үйіне 25 жыл» естелік төсбелгілерімен марапатталды. Төсбелгі мен алғыс хатты ШҚО әкімінің орынбасары Ә. Б Нүсіпова өзі табыс етті. Әсем Бекқызы өз сөзінде этномәдени бірлестік өкілдерінің өңіріміздегі тұрақтылық пен татулықтың артуына қосқан үлестерінің орасан зор екендігіне тоқтала келе, әрі бүгінгідей құрмет көрсетуге лайықты тұлғалар деп санайтындығын жеткізді.