Этномедиациялық семинар

28-11-2024

Этномедиациялық семинар

Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында «Келіссөздер процесінің техникасы және этносаралық саладағы жанжалдардың алдын алу жөніндегі медиативтік дағдырлар» тақырыбында этномедиация бойынша семинар өтті.

Іс-шара аясында қатысушылар қазақ және орыс тілдеріндегі «Келіссөздер үдерісінің әдістемесі» және «Этносаралық саладағы қақтығыстардың алдын алу және шешудегі медиация дағдылары» атты тақырыптық блоктарды қарастырып, зерделеді.

Айта кету керек, семинардың спикерлері кәсіби медиаторлар Дьячук Марианна Ивановна мен Танекенова Тулетай Замамбекқызы, сонымен қатар Бақтыбаева Назым Қайырлиқызы болды.

Жиналғандардың барлығы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, сарапшылардан жауап алды.

«Семинар менің білімімді кеңейтуге, медиация туралы теориялық базамды жаңартуға және тәжірибелік дағдыларымды нығайтуға көмектесті», - деп өз ойымен бөлісті қатысушылардың бірі.