17-11-2017
2017 жылдың 17 қарашасында Мәдениет және ақпарат Министрлігінің Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастыратын этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» конкурсына өз мәресіне жетті. Конкурстың мақсаты этносаралық салада қызмет ететін журналистерді ынталандыру арқылы қоғамдағы этносаралық татулық пен келісімді нығайту болып табылады. Конкурсқа қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының тілшілері, этномәдени бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, сарапшылар және жекелеген авторлар қатысты. «Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы еңбек ұжымдарының қосқан үлесіне арналған ақпараттық материалдар» аталымы бойынша жүлделі үшінші орынды Шығыс-Қазақстан облыстық «Алтай» телеарнасының редакторы Меруерт Әскербекқызы иеленді.