“Әуенді қонақ үй” - үрмелі аспаптар концерті

04-11-2015

“Әуенді қонақ үй” - үрмелі аспаптар концерті

 “Әуенді қонақ үй” - үрмелі аспаптар концерті 1 қараша күні “Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында” өз көрермендеріне тағы бір мәрте есігін ашты. Бұл жолы талқыланған тақырып “үрмелі аспаптар” туралы болды. Көрермендер флейта, тромбон, саксафон аспаптарында, облыстық музыкалық оқу орындары оқушыларының орындауларындағы ғажайып саз әлеміне енді. Қатысушылардың көбі өздерінің жас болғандықтарына қарамастан республикалық сайыстардың жеңімпаздары және лауреаттары болып табылады. Көрермендер осы сүйікті аспаптарының орындауларындағы ұлттық деңгейдегі әуендерді тыңдады. Сонымен қатар көрермендер арасында “Аспапты тап” - атты сайыс өткізілді. Бұл сайыста ұйымдастырушылар музыкалық сауаттылықты тексеріп, ең белсенді қатысушыларға сыйлықтармен мадақтама қағаздарын табыстады. Бұл кештің ең әдемі компазициясы болып “Күзгі түс” әуені болып табылды.