08-06-2018
Ағымдағы жылдың 7 маусымында Достық үйі - Қоғамдық келісім орталығында Республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдері үшін тоқсан сайын өтетін практикалық семинар-кеңес өтті.
ШҚО ҚХА хатшылығының меңгерушісі А.Қ. Нұрғазиев семинар басында ШҚО ҚХА хатшылығының жұмысымен таныстырып өтті. Семинардың модераторы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Шанаи Нәзипа Ыдырысқызы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» заңның жаңа ережелері туралы айта келе, этномәдени бірлестік өкілдерін толғандырған сұрақтарға жауап берді.
Сонан кейін әр өңірден келген спикерлердің баяндамалары тыңдалды. Батырхан Елікұлы Жұмабаев, «Киелі Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директорының орынбасары «Жаңыру жолы» идеясы шеңберінде «Ұлы дала елінің – киелі мұрасы» жобасының жүзеге асырылуы туралы айтты. (Астана қ.) Келесі кезекте сөз алған Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, сондай-ақ «Литуаница» Литва мәдени орталығының төрағасы Тварионас Виталий Иванович. Ол Ассамблеяның бастамалары туралы айтып, «Литуаница» этномәдени бірлестігінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Қазақстанның кәрістер қауымдастығының этномәдени бірлестігінің тәжірибесі мен қызметі туралы Шығыс Қазақстан облысының кәрістер қауымдастығының төрағасы Кунст Юлия Вячеславовна айтып берді. Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының диекторы Эльдар Төлеубекұлы «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудағы Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының рөліне тоқталды. М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Гривенная Людмила Александровна университеттің қызметіндегі жаңа перспективті байланыс ретінде ҚХА кафедрасының жұмысын атап көрсетті. Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының жобалары және «Рухани жаңғыру» жобаларын жүзеге асыруға жастарды тарту туралы «Жаңғыру жолы» РЖҚ-ның төрағасының орынбасары Тимур Жұмұрбаев атап өтті. Ақмола облысы Зареченск ауылдық округінің әкімі Милюк Наталья Каземировна «Рухани жарару» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында қоғамдық үйлесімділік кеңестің үлкен тәжірибесін ұсынды. Алматы облысынан келген Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер Клубының жетекшісі Идигов Атсалим Саламович, этносаясат пен этносаралық қатынастар мәселелерін бұқаралық ақпарат құралдарымен таныстыру ерекшеліктерін дұрыс және дұрыс жариялау және тарату туралы сұрақтарды түсіндірді.
Қазақстан халқы Ассамблеясының сайттың құрылымымен жұмысы ондағы материалдардың орналастырылуы туралы Астанадан келген сайттың бас редакторы Мурсалимов Малика таныстырып өтті. Жиынға Тараз қаласынан келген кәсіби медиаторы Хамирова Шынар Жұмаханқызы медиацияны дамыту жолында жүзеге асырылатын тиімді жұмыстар туралы баяндады. Сонымен қатар семинар барысында қатысушылардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды.