Әзірбайджан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған концерт

19-10-2015

Әзірбайджан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған концерт

  18 қазан күні «Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында» әзірбайжан этномәдени бірлестігі Әзірбайжан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесін атап өтті. Мерекелік іс – шара, дөңгелек үстел шеңберіндегі, ақсақалдар кеңесінен басталып, ары қарай концерттік бағдарламамен жалғасты. Жүргізушілер бұл күннің тарихын, өзектілігін және маңыздылығын жете түсіндіре отырып концерттік бағдарлама кавказ билерімен, әндерімен, конкурстарымен ары қарай жандандыра түсті. Бұл бір ерекшелігі көрермендерге сахнаға шығып өз өнерлерін көрсетулерімен қатар, жүлделі сыйлық иегерлері болуға мүмкіншілік алды. Айтулы күннің құрметіне әзірбайжан этномәдени орталығының төрағасы Гамзаев Вагиф Октай оглы барлық жиналғандарды мерекелерімен құттықтады. Әрі қарай барлық жиналғандарға құттықтау сөздер айтылды және де қалағандар сахынаға шығып кавказ ырғақ билерін билеуге мүмкіншілік болды.