23-10-2024
«Қайырымдылық керуені» атты республикалық іс-шарада Шығыс Қазақстан облысы атынан қатысқан Фараджев Тарбиз Рамизович «Жомарт жан» аталымында үздік деп танылды. Оның қайырымдылық саласындағы ұзақ жылғы еңбегі мен қоғамға қосқан айрықша үлесі үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының медалімен марапатталды.
Бұл марапат оның ізгі істерінің лайықты бағалануы және баршамызға үлгі боларлықтай жетістік деп білеміз. Осындай жомарт жүректі азаматтарды мақтан тұтамыз!