ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІЗ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫМЫЗ» ФЕСТИВАЛІ

14-09-2017

ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ «БІЗ – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫМЫЗ» ФЕСТИВАЛІ

2017 жылғы 10 қыркүйекте Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясының  «Біз – Қазақстан халқымыз» фестивалі болып өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері,  ҚХА  хатшылығының, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің, этномәдени бірлестіктер және елорда жастарының  өкілдері қатысты. Акцияның мақсаты – Қазақстан халқының бірлігін сақтау және еліміздің мәдени әралуандығының ерекшеліктерін ашып көрсету. Фестиваль аясында этномәдени бірлестіктердің көркемөнерпаздар мен кәсіби шығармашыл ұжымдарының театрлық, вокалдық-хореографиялық көріністер мен би композицияларын қамтитын театрлық-көркемөнер қойылымдары көрсетілді. Қойылымдарда көпэтносты Қазақстан халқының өзіндік мәдениеті және Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері, өзегі Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылатын жалпыұлттық бірлік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің бірегейлігі көрініс тапты. Шығыс Қазақстан облысы Татарстан Республикасының өнерінің еңбек сіңірген қайраткері Камилия Исмаилова басшылығымен Шығыс - Қазақстан облыстық Татар қоғамдық орталығы қатысты. Камила Туканованың орындауындағы Шығыс  Қазақстан туралы әсем әннің авторы  Камилия Исмаилова.  Ол хореографиялық тобымен  «Әлем балалары» этнографиялық композицияны орындады. Әуезді әннің ажарын  Шығыс Қазақстан  туралы қысқаша бейнебаян  онан сайын аша түсті. Көрермен қауымда тамаша орындаушымен үйлескен әннің ырғағына тербеліп, ерекше ықыластарын тоқтаусыз соғылған шапалақтары арқылы жеткізді. Қазақстан халқы Ассамблеясының  фестивалі еліміздің мәдени өміріндегі маңызды оқиға болды.

 

Шығыс- Қазақстан облыстық Татар қоғамдық орталығы