«Ад минулага да сучаснага» белорус мәдениетінің фестивалі

26-10-2018

«Ад минулага да сучаснага» белорус мәдениетінің фестивалі

Ағымдағы жылдың 26 қазаны күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» ұлттық сананың жаңғыруы бағдарламасы негізінде, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан халқының мәдени мұрасы» жобасы аясында «Ад минулага да сучаснага» белорус мәдениетінің фестивалі өтті.

Іс-шараға Павлодар қаласының және Шемонаиха ауданының шығармашылық ұжымдары, ШҚО ҚХА өкілдері, этномәдени бірлестіктердің мүшелері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Фестиваль кезінде белорус әндері мен билері орындалды. Сондай-ақ, қонақтарға балалар салған тамаша суреттер мен қатар ұлттық тағамдар көрмесі ұсынылды.

- Облыстық фестиваль - біздің еліміздің мәдени кеңістігінде Шығыс Қазақстанның ерекше шығармашылық тәжірибесі. Белорус мәдениетінің фестивалі бізде алғаш рет өткізілуде.Менің ойымша, Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін келешекте халық өмірін дамытуға, мәдени өмірдің ажырамас бөлігі болып, руханияттың жандануына өз үлесін қосатын болады, - деді «Крынічка» ансамбілінің өкілдері.

Шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен қаржылық сертификаттар берілді.