19-10-2021
Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Казак бауырластығы» казак әндерінің облыстық фестивалі өткізілді.
Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты көрермендер саны шектеулі болғанымен, казак тарихынан сыр шертетін «Казак бауырластығы» казак әндерінің фестивалі әсерлі өтті. Казак әндері шырқалып, орындаушылар көркеменнің жылы лебізіне бөленді.
Фестиваль «Жоғарғы Ертіс орыс казак қауымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шаронов Виктор Юрьевичтің құттықтау сөзімен басталды.
«Казак бауырластығы» фестивалін облыстық Достық үйінің «Русская песня» халық хоры «Трава моя, трава…» әнімен ашты. Сонымен қатар іс – шараға қатысқан Белоусовка ауылының «Светлый путь» ансамблі, Шемонаиха ауылының «Станица» ансамблі, Глубокое ауданы Предгорное ауылының «Товарки» ансамбльдерінің өнерін көрермендер ерекше ықыласпен қабылдады.
Казак ұлтының құндылықтары мен бай әдеби мұрасы жырланған ерекше кештің куәгері бола алды.
Фестивальға қатысушылардың барлығы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.