«Казачье братство» фестивалі

14-10-2017

«Казачье братство» фестивалі

2017 жылдың 14 қазаны күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Жоғарғы Ертіс орыс казак қауымдастығының ұйымдастыруымен «Казачье братство» фестивалі өтті.

Жыл сайын өткізілетін бұл фестивальге ШҚО аудандарынан, барлық казак шығармашылық топтары келіп өнер көрсетті. Жарқын да қызықты концерттік бағдарлама Жоғарғы Ертіс орыс казак қауымдастығының атаманы В.Ю. Шароновтың құттықтау сөзімен басталды.

 Фестивальдың негізгі мақсаты казактардың дәстүрлі мәдениетін жандандыру, әуесқой шығармашылық топтардың шеберлігі мен репертуар деңгейінің сапасын көтеру, өскелен ұрпақтың құрмет пен намысшылдық сезімдерін ояту болып табылады.

Шара барысында қатысушыларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.