Қазақстан халықтарының әндері фестивалі

04-06-2018

Қазақстан халықтарының әндері фестивалі

2018 жылдың 4 маусымы күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне арналған I-ші облыстық «Қазақстан халықтарының әндері» атты фестивалі өткізілді.

Шараның ашылуында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры Э. Төлеубеков фестиваль қатысушылары мен қонақтарын құттықтап, сәттілік тіледі. Фестивальдің ашылу бөлімінен соң, «Арабеск» хареографиялық би ансамблі қазақ халық биін орындады.

Шараға Белоусовкадан «светлый путь», Өскемен қаласынан Көкенбаева Кәмила, «Гормония» триосы және т.б. әншілер қатысты. Көрермендер қазақ, шешен, неміс, белорус, орыс халық әндерін тыңдап тәнті болды. 

Фестиваль соңында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының директоры қатысушыларға салтанатты түрде дипломдарын табыстап, құттықтады.