04-03-2018
2018 жылдың 4 наурызында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының «Белая сова» қолөнер бірлестігінің мерекелік фестивальі өтті.
8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Белая сова» қолөнер бірлестігі Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының хореографиялық би ансамбілдерінің қатысуымен мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Сонымен қатар аталмыш шара барысында Белая сова бірлестігінің қолөнер шеберлері балаларға арналған шеберлік сабақтарын өткізді.
Сондай-ақ шара барысында фестиваль қонақтары қолдан жасалған бұйымдарды тамашалауға мүмкіндік алды.