04-05-2018
2018 жылдың 04 мамыры күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында Өскемен қаласының адагерлер көркемөнер ән ансамбілдерінің «Ұлы отан соғысына 73 жыл және Астананың 20 жылдық» мерейтойына арналған үш күнге созылған фестивалі өз мәресіне жетті.
Шараға үш күн ішінде қаламыз бойынша 17 ансамбіл қатысты. Әсем әнді әуелеткен күміс көмей жез таңдай әншілер арасынан үздік тер анықталып, арнайы
дипломдармен марапатталды. Ардагерлер фестивальінің соңы мерекелік галла концертке ұласты. Өнерпаздардың өнерлерін тамашалауға келген қала тұрғындары, тоқтаусыз соғылған шапалақтары арқылы өз ыстық ықыластарын жеткізді.