«Таланттардың түйісуі»

07-06-2022

«Таланттардың түйісуі»

​Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы, шабыт пен шығармашылық атмосферасы қонған орын.  Қала тұрғындары мен қонақтары біздің талантты өнерпаздарымыздың өнерлеріне бірнеше рет тәнті болды. Достық үйінің ұжымдары түрлі қалалық, облыстық және республикалық сайыстарда намысын қорғап келеді. Жақында өткен «Фейерверк талантов» атты республикалық байқауға «Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің ансамблі қатысты.

«Байқау балалар мен жасөспірімдер арасындағы дарындыларды анықтауға, қолдауға және дамытуға, шебер суретшілерді табуға, шығармашылық және тұлғалық дамуға ынталандыруға бағытталған», - дейді ұйымдастырушылар.

​Мақсат орындалды - байқау алаңы Қазақстанның түкпір-түкпірінен дарынды және шығармашыл адамдарды біріктірді. Шығыс Қазақстанның інжу-маржаны - Өскеменде мұндай шараның өтуі үлкен мәртебе. Байқауға қатысушылар өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті. Шара барысында көптеген номинациялар табысталды: хореография, вокал өнері, аспаптық өнер, театр шығармашылығы, бейнелеу өнері, авторлық өнер, сонымен қатар сән және дизайн

«Вайнах» ансамблі «Хореография» номинациясы бойынша сайысқа түсіп, қатысушыларды, көрермендерді және қазылар алқасын би өнерінің жоғары деңгейімен баурап алды. Жиналған халыққа «рухани байланыс» көрсете алды. «Біздің би шешендер мен ингуштардың ұлттық мұрасын ғана емес, сонымен қатар көп мәдениеттіліктің Қазақстанның «визит картасы» екенін көрсетеді», - деп атап өтті ансамбль мүшелері.

​Жарыс нәтижесінде «Вайнах» ансамбілі 2 гран-при және 1-орын сияктқы жүлделі орындарға ие болды. ​Сіздерді шын жүректен құттықтаймыз, жаңа биіктерге жетуге шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!