Келісім кеңістігінің келешегі қалыптастырылуда ​

15-07-2019

Келісім кеңістігінің келешегі қалыптастырылуда ​

Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының базасында жұмыс істейтін медиация кабинетінде жыл басынан бері келіп түскен 73 өтініштің 93 пайызы қаралып, тараптар бір мәмілеге келген. Бұдан бөлек, медиация кабинетінің «виртуалды кабинеті» іске қосылып, сенім телефоны арқылы кеңес беру қолға алынған.

Жалпы, бұл шара 2015 жылдан бері қолға алынған болатын. Үш жыл бұрын медиацияның тиімділігін арттыру үшін өңірдегі департаменттер мен сот органдары меморандум жасасқан. Осы жұмыстардың нәтижесінде медиация кабинеті базасында «Медиацияның виртуалды кабинеті» жұмысын бастады. 2019 жылдың басынан бері виртуалды кабинетке келіп түскен жалпы өтініштер саны 31 болса, оның​ 29 қарастырылған, екі өтініш қаралуда.

Бұдан бөлек, ​ 8 (7232) 74-22-08 сенім телефоны арқылы кенес алу мүмкіндігі де қарастырылған. Мұнда бекітілген кесте бойынша кәсіби және кәсіби емес медиаторлар қала тұрғындарын қабылдап, азаматтардың өтініштерін тіркеу журналын жүргізеді. Яғни 2019 жыл басынан тіркелген өтініш саны 73 болса, оның 93 пайызы қаралып үлгерген.

Жалпы айтқанда, 2019 жылдың бірінші жарты жылы көлемінде облыстық соттармен, медиаторлармен бірлесіп медиация ұғымдарына, азаматтық сот өндірісіндегі татуластыру рәсімдерінің болашағына қатысты дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, «медиацияның кіріспе курсы» бағдарламасы бойынша оқыту семинары өткізілді.