«Береке түбі – бірлік»

02-05-2023

«Береке түбі – бірлік»

1 мамырда бүкіл еліміз айтулы мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлайды. Бұл күні еліміздің барлық қалалары мен аудандарында  барлық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері бас қосып, өздерінің бірлігін, достығын тағы бір мәрте дәлелдейді!

Бұл мереке Қазақстанның түрлі этнос өкілдері достық пен келісімде өмір сүріп жатқан көп ұлтты мемлекет екенін білдіреді. 1 мамыр қазақстандық патриотизмнің, елге деген адалдықтың мерекесіне айналды.

Достық үйінде «Ел бірлігі – ел тендігі» атты мерекелік концерт өтіп, қызықты әрі әсерлі концерттік бағдарлама аясында шығармашылық ұжымдар өз өнерлерін көрсетті. Түрлі этностардың вокалдық және би нөмірлері жиналғандардың жүрегін жылытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

«Қазақстан халқының достығы – көпұлтты еліміздің дамуы мен өмір сүруінің заңы. Ұлтаралық келісімнің табысты болуының формуласы – түрлі этнос өкілдерінің ортақ тіл таба білуі, бір-бірінің мәдениетін байыта білуі, өзара сенімді нығайта білуі», – дейді Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының басшысы Төлеубеков Эльдар Төлеубекұлы.

Шара соңында ұйымдастырушылар Достық үйіндегі этномәдени орталықтардың біртұтас тату отбасы екендігіне тоқталып өтті.