14-06-2022
11 маусым күні Достық үйі – қоғамдық келісім орталығында «Ару-Ана» дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Ұлағатты ана - бақытты бала» атты форумы өтті.
Жүсіп Баласағұнның «Кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең – мейірімділік көресің» деген қанатты сөзінің мазмұны дәл осы форумға арналып айтылғандай.
Биылғы балалар жылында осындай тамаша бастаманы бастаған «Ару-Ана» дамыту орталығы.
Форумға спикер ретінде Педагогикалық шеберлік орталығының директоры Гульфарида Раисова, ҚР «Әкелер мектебінің» негізін қалаушы Ертісбек Қайырбайұлы және тағы да басқа спикерлер шақырылды. Өскемен қаласының танымал блогерлері мен әншілері және би топтары сахнада өнер көрсетті.
«Жас талант» оқушылар театры іс-шараны керемет қойылыммен ашып берді. Билеттер арқылы көрермендер арасында лотерея ойнатылып, сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, Өскемен қаласының талантты, дарынды балаларына және олардың ата-аналарына алғыс хаттар беріліп, сыйлықтар табысталды.
«- Есте қаларлықтай болды, «Ару-Ана» дамыту орталығының өркендей беруiне тілектеспіз. Осындай керемет іс-шаралар бола берсін! Ауылымыздың мектебінен қатысқан оқушымыз, берілген сыйлықтарыңызға ризашылықтарын білдіруде!», - деп өз ойымен бөлісті іс-шара қонағы.