Форум «Бірлігіміз жарасқан»

16-07-2017

Форум «Бірлігіміз жарасқан»

2017 жылдың 14-16 шілдесі аралығында Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында тәжiрибе алмасу және аймақтағы ҚХА тиiмдi қарым-қатынаста жұмыс істеуі үшiн 100-ден астам адамды бiрiктiрген, Солтүстiк Қазақстан облысының «Қоғамдық келiсiм» КММ ұйымдастыруымен «Бiрлiгiмiз жарасқан» форумы өтті. Форумға Республикамыздың әр аймағынан «Қоғамдық келiсiм» КММ әрiптестерiмiз бен облыстың белсендi жастары жиналды. Айыртау ауданы өз бай табиғатымен танымалды. Бұл жерде хош мөлдір таза көлдің жағасында қош иiстi қарағайлар. Осы табиғи сұлулықтың iшiнде «Олимпиец» спорт лагерi орналасқан. Осында өткiзiлген үш күн iшiнде қатысушылар қызыққа толы  бағдарламаға қатысты.

Бiрiншi күнi блоктармен белсендi жұмыс басталып, атап айтқанда, тренингтер мен сұхбаттасу алаңдары өткізілді. Аймақтағы «Қоғамдық келiсiм» КММ-нiң қызметкерлерi жұмыстағы тәжiрибесiмен бөлiсiп, Қазақстан халқы Ассамблеясының өзектi мәселелерi туралы әңгiме төңірегінде сөз қозғады. Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы «Қоғамдық келiсiм» республикалық мемлекеттiк мекемесiнің ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдiстемелiк қамтамасыз ету қызметінің басшысы — Шаймуханбетова Жанна Какибайқызының айтуы бойынша, iс-шараның осындай бейресми түрде өтуі жемiстi жұмыс пен жағымды естеліктерге толы болады деді.

Әрiптестер алдында облыстық бөлiмдер  мен құрылымдар басшылары сөз сөйледі. СҚО ҚХА аналар Кеңесiнiң төрайымы — Смаилова Күлiмкөз Кеңес қызметi туралы айтып, өз ұйымының жұмыс тәжiрибесiмен бөлiстi. Облыстағы дiн жағдайы туралы «Талдау және конфессияаралық қарым-қатынасты дамыту орталығы» КММ-нiң талдау және әлеуметтiк зерттеу бөлiмiнiң басшысы — Могунов Сергей Викторович айтты.

Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымдылық қызметiнiң үйлестiрушiсi болып келедi  және бiздiң тiкелей мiндетiмiз елде қайырымдылық мәдениетiн тәрбиелеу. Осы туралы СҚО ҚХА құрылымдарымен жұмыс iстеу және қоғамдық жаппай шаралар ұйымдастыру бөлiмiнiң басшысы Күнсұлу Абылайқызы Илькенова ойымен бөлiстi. Ол меценаттықты танымал етудің негiзгi әдiстерi туралы айтты. Оның айтуы бойынша, бүгiнгi күнде әлеуметтiк желілер — қоғаммен жұмыс атқару және адамдарды тартуға мықты құрал. Әлеуметтiк беттi жүргiзу, посттарды сауатты жазу, ақпаратты ашық мазмұндалау мәселесін шешу үшiн қоғамды белсенді көмек көрсетіуге шақыруға көмектеседi. Сондай-ақ, өткен жыл мен ағымдағы жылда өткiзiлген iс-шаралардың нәтижесiн бейнерөлiктерде көрсеттi.

Бағдарламалық мақала мен «100 жаңа тұлға» жобасын қолдауда авторы Светлана Воробьеваның «Моя судьба в судьбе моей страны» атты кiтабы шығарылған екен. Солтүстiк Қазақстан облыстық «Коперник» поляк мәдениет орталығы» ҚБ төрағасының орынбасары — Корнева Валентина Юлюсевна авторға кiтапты жазуға және көбейтуге белсендi көмек көрсеткенін мәлімдеді. Олар қонақтардың алдында кiтаптың батырлары туралы толығырақ айтып бердi.

Кездесу соңында Солтүстiк Қазақстан облысының «Қоғамдық келiсiм» КММ-нiң басшысы — Есқожа Әсемгүл Найманқызы «Қоғамдық келiсiм» КММ және Солтүстiк Қазақстан облысты Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара жұмыс істеу әрекетi ҚХА даму тұжырымдамасының қажеттi жалпы жағдайы ретiнде» тақырыбында сөз қозғады.

Келесi күні таза ауада жаппай жаттығудан басталып, брендтiк жүргiзушi  — Максим Касперовичпен команда құру тренингтерi және ойындарымен жалғастырылды. Аймақтық «Қоғамдық келiсiм» КММ әрiптестерi Айыртау ауданының көрнектi жерлерiне саяхат жасады: Айғаным қонысы, Шоқан Уалихановтың мұражайы, Қарасай және Ағынтай батырларының мемориалдық кешенi.  

Шараның соңғы күнi ұйымдастырушылар форумның қорытындысын шығарып, қатысушыларға алғысын бiлдiрiп, сертификаттармен марапаттады.