«Frohe Ostern»

13-04-2024

«Frohe Ostern»

Барлық христиандар, соның ішінде немістер үшін Пасха – маңызды мерекелерінің бірі. Пасханың келуі қысты бейнелейтін күштерді жеңуді білдіреді.

Достық үйі - қоғамдық келісім орталығында «Видергебурт» неміс мәдени орталығының іс-шарасы өтті. Қатысушылар ретінде этномәдени бірлестіктердің белсенділері, сондай-ақ Достық үйінің шығармашылық ұжымдары және қала тұрғындары болды.

Іс-шара барысында кәдесыйлар дайындау бойынша шеберлік сыныптары, дәстүрлі жұмыртқа ойындары, Достық үйінің шығармашылық ұжымдарының өнер көрсетуі, сондай-ақ «Остерн» іс-шарасының барлық қатысушыларын марапаттау рәсімі өткізілді.

Концерт қонақтары Шығыс Қазақстан облысының аудандық Достық үйлерінің неміс орталығы дайындаған көрмені тамашалай алды. Сондай-ақ, қонақтар мен қала тұрғындары үшін Пасха жұмыртқалары мен тәтті тоқаштар түрінде тәттілер дайындалды.

«Көптен бері осындай ерекше іс-шараларда болған жоқпын, керемет әсер алдым…тәтті сыйлықтар, ән мен би. Мұның бәрі маған ұнайды, келесі жолы міндетті түрде тағы да келемін», - деп өз ойымен бөлісті іс-шара қонағы.