Тіл үйірер ұлттық тағам түрлері

05-10-2021

Тіл үйірер ұлттық тағам түрлері

Александр Сергеевич Пушкин атындағы кітапханада «ДАСТАРХАНfest» іс-шарасы өтті.

Іс – шараға этномәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты. Ұйымдастырушылар бізге осындай ерекше атаудың артында не жасырылғанын айттып берді.

«ДАСТАРХАНfest – бұл Шығыс Қазақстан халқының ұлттық тағамдарының гастрономиялық фестивалі, сонымен қатар шара барысында жәрмеңке, тағамнан дәм татырар мастер – класстар және тіл үйірер лотереялар ұйымдастырылды.», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Фестивальда армян, қазақ, шешен-ингуш және басқа да көптеген этностардың сан – қырлы тағамдары ұсынылды. Біздің қонақтар әдемі дастарханды тамашалап, әр тағамның тарихы туралы біліп қана қоймай, аспаздық шедеврлердің дәмін тата алды.

Сонымен қатар, фестиваль қатысушылары қызықты мастер – класстар барысында қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауда өз күштерін сынау мүмкіндігіне ие болды. Тақырыптық лотерея қатысушыларына дәмді жүлделердің иегері атану сәті түсті. Қазақ халқының ұлттық киімдерінің жәрмеңкесі баршаны шын жүректен таң қалдырды, ал рухани азық ретінде біздің ең дана қарттарымыздың назарына мерекелік концерт ұсынылды.

«Бұл күнді керемет өткізіп, жаңа әсерлермен, біліммен, ұмытылмас эмоциялармен толтыруға мүмкіндік бергендеріңіз үшін үлкен рахмет. Фестиваль жоғары деңгейде өтті.», – деп бөлісті қатысушылардың бірі.