Келісім бар жерде - жеңіс бар!

03-11-2020

Келісім бар жерде - жеңіс бар!

Қақтығыстарды шешудің баламалы әдістерін дәріптеу мақсатында "Достық үйі - қоғамдық келісім орталығы" "ULAN" медиация және "Құқық Орталығы" ҚБ-мен бірлесіп онлайн-кездесу ұйымдастырды. Тарихи тұрғыдан қарасақ та, адамдар әрқашан қиын жағдайларды шешудің әртүрлі тәсілдерін іздеген. Медиация жанжалды жағдайларды шешудің заманауи әдістерінің бірі болып табылады.

ZOOM платформасында диалог алаңы болды, онда қатысушылар мен қазылар алқасының өкілдері "Медиацияны қолдану рәсімдерін" білуге арналған конкурс өткізе алды. Ұйымдастырылған шараға қаланың жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері, қазылар алқасының бағалау топтарына білікті медиаторлар қатысты.

Іс-шара бағдарламасына Медиация бағыттары бойынша викторина, ең үздік сурет және "Медиатор – келіссөздер шебері" тақырыбында "Speech" байқауы  кірді. Жастар ұйымшылдық танытып, командалық  жұмыстың қыр-сырын көрсетті. 

Байқау соңында қазылар алқасының ұйғаруы мен жүлделі орындар тағайындалды. Үшінші орынды "Хокаге" командасы алса, екінші орынды "Еркін сөз" командасы иеленді. Медиация саласындағы креативтілігі мен терең білімімен ерекшеленіп, көшбасшылар қатарына "Арыстар аманаты" командасы шықты.

Қазылар алқасының төрағасы, з.ғ. к., кафедра меңгерушісі, кәсіби медиатор: Рамазанова Айнұр:
- Кездесуге қатысушылардың медиация саласындағы білімдерін толықтыра алғанымызға қуаныштымыз. Бірақ, кез-келген жарыс сияқты, жеңімпаздар да бар. Менің ойымша, барлық командалар өз міндеттерін орындады. Студенттердің медиация негіздері туралы білетіндері қуантады.
Сондай-ақ онлайн форматта дипломдар мен алғыс хаттар табыс етілді.