29-08-2018
Ағымдағы жылдың 29 тамызы күні Шығыс Қазақстан облысына сапарлап келген Германиялық қонақтар Достық үйі – қоғамдық келісім орталығына атбасын бұрып, ондағы неміс этномәдени бірлестігінің өкілдерімен кездесті. Достық үйі –Қоғамдық келісім орталығының қызыметкерлері шетелдік қонақтарға арнайы экскурсия ұйымдастырды. Шет елдік меймандар Достық үйі - қоғамдық келісім орталығының жұмысымен таныса отырып, этномәдени бірлестіктердің кабинеттерін аралап, сонымен бірге Ассамблея мұражайына қойылған құнды экспонаттарды тамашалауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған экскурсия соңында Достық үйі – қоғамдық келісім орталығының ұжымы қонақтарға естелік сыйлықтар табыстады.