Ағымдығы жылдың 8 маусымы күні Өскемен қаласының сол жағалық кешенінің этносаябағында, Глубокое ауданының әр ауылының ансамбльдерінен ұйымдастырылған үлкен концерт болып өтті.Концерттік бағдарламаға, украина, орыс, қазақ, неміс, казак халық әндері мен басқа да әндер, халық билерімен, халық аспаптарының орындауындағы шығармалар кірді.
Мәдени-шара Этноауылдың орталық сахнасында шамамен үш сағатқа созылды. Көрермендер үшін көлеңкелі жерге 4 қатармен қосымша орындықтар қойылды. Глубокое Достық үйі (директор Пекур М.Я.) этноауылда өнер көрсету үшін Глубокое, Предгорное, Прогресс, Черемшанка, Бобровка және басқа ауылдардан көркемөнерпаздар ұжымдарын жинады. Қатысушылардың саны барлығы 185 адамды құрады.Концерт басталардан бұрын қала тұрғындары және қонақтары алдында Глубокое ауданы әкімнің орынбасары С. С. Жұмаділов пен Қазақстан халқы Ассамблея мүшесі Л.Б Шик сөз сөйлеп, өз тілектерін білдірді.
Кіріспе сөзден соң, сахнаға ұлттық костюмдер киген этномәдени бірлестіктердің өкілдері шығып, әр тілдерде өз тілектерін білдіріп, көрермендерге өз халқының ұлттық тағамдарынан дәм татқызды.Іс-шара ұйымдастырушылары барлық көрермендерге алғыстарын білдірді. Концерттік бағдарлама қазақ бимен ашылды. Концерттік бағдарламаны көрермендер бар зейіндерін қойып тыңдап, әрбір орындаушыға қолдау мен қошаметтерін білдіріп, жігер бере түсті.Концерттің соңында кейбір жеке қатысушыларды диплом және алғыс хаттармен марапаттады.
Облыстық Достық үйі

