12-01-2021
Құрамына ҚХА-ның мүшелері бар Шығыс Қазақстан делегациясы Ассамблея Кеңесі ұсынған Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерге дауыс беруге қатысты.
Өз дауысын беру үшін шығыс қазақстандықтар ҚХА-ның XXVIII сессиясында Елордамызға келді. Естеріңізге сала кетейік, биыл сайлауға 9 үміткер ұсынылған.
«Біз ҚХА-ның кезекті сессиясына, ең алдымен, жас ұрпаққа белсенді азаматтық ұстанымның қаншалықты маңызды екенін көрсету үшін келдік. Бүгін біз қабылдаған шешімдер ертеңгі күнге сөзсіз әсер етеді, сондықтан ешқандай жағдайда дауыс беруді елемеуге болмайды», – деп атап өтті ШҚО "Жанғыру жолы" жастар қозғалысының төрағасы, делегация басшысы Равиль Юнусов.
Ассамблея сессиясына ҚХА Төрағасы және оны құру идеясының авторы Тұңғыш Елбасымыз– Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі де қатысты. Ол бірінші болып дауыс берді. Одан кейін мемлекеттік билік өкілдері: ҚР Премьер-министрі – Асқар Мамин, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы –Кәрім Мәсімов, сондай-ақ министрлер және Қазақстан халқы Ассамблеясының басқа да мүшелері өз дауыстарын берді.
«Мен ҚХА сессиясына бірінші рет қатысып отырған жоқпын, бірақ толқу әлі де бар. Республикамыздың Тұңғыш Президентін қайта көру үлкен құрмет. Дауыс бере отырып, біз Ассамблеяның болашағын, яғни елдің болашағын, Қазақстанның біртұтас халқын бейнелейтін азаматтардың болашағын таңдаймыз деп айтқым келеді»,– деп атап өтті "Шығыс Қазақстан корей қауымдастығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Юлия Кунст.