«Пай-пай, шіркін қазақтың келіндері-ай!» қалалық байқауы

20-05-2021

«Пай-пай, шіркін қазақтың келіндері-ай!» қалалық байқауы

Курчатов қаласынын Достық үйінде «Атамұра» қазақ мәдени орталығының ұйымдастыруымен қазақтың әдет-ғұрпын құрметтеп, салт-дәстүрін берік ұстанған инабатты қазақ келінін дәріптеу мақсатында «Пай-пай, шіркін қазақтың келіндері-ай!» атты қалалық байқауын өткізді. 

Сайыс 6 кезеңнен ұйымдастырылды: «Сәлем – сөздің анасы!» атты алғашқы кезеңде жас келіндер өздерін таныстырса, «Сәбиімді әлдилеймін әндете» кезеңінде бесік жырын орындады, «Ойлы болсаң, озып көр!» атты кезеңінде салт-дәстүрлер аясындағы сұрақтарға жауап беріп, «Кім жылдам?» атты кезеңде картоп аршу мен шаш өру болса, «Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» кезеңінде он саусағынан өнер тамған аруларымыз өздері жасаған қазақтың ұлттық тағамдарын көрсетіп, соңғы «Өнерлі келін – сүйкімді!» кезеңінде өз өнерлерін ортаға салды. 

Байқау соңында құзіретті әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша үздік деп танылған келіндер түрлі аталымдар бойынша марапатталып, оларға сый-сияпаттар табыс етілді.

Шараға қатысқан жас келіндерге байқаудың бергені мол болды деген үміттеміз. Күнделікті тұрмыста келіндік міндеттерін орындап жүрген ақ орамалды аруларымыздың салт-дәстүрді жетік білуге, өнерлі де өнегелі болуға деген талпынысы көңілімізді марқайтты.